Жаңалықтар

«Реал» Алматыдағы InterContinental қонақүйін түгел жалға алды

Фото: ашық дереккөз

26-29 қыркүйек аралығында Алматыда өткен Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы ойын тек спорттық қана емес, экономикалық жағынан да айтарлықтай әсер етті, деп жазды qandastar.kz

Матчқа орай оңтүстік астанаға 5 мыңнан астам шетелдік турист келген. Алматы туризм басқармасы таратқан мәлімет бойынша, жанкүйерлер негізінен Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия және басқа да Еуропа мен ТМД елдерінен келген.

Mastercard деректеріне сәйкес, әрбір шетелдік турист Алматыда орта есеппен 1500 доллар жұмсаған. Қонақүйлер, мейрамханалар, көлік және ойын-сауық орындары матч күндері ерекше табысқа кенеліп, шағын және орта бизнеске серпін берді.

Ал футбол жұлдыздары үшін жағдай мүлде бөлек ұйымдастырылды — «Реал» футбол клубы InterContinental қонақүйін түгелдей жалға алып, команда мен қызметкерлердің жеке орналасуын қамтамасыз етті.

Ertenmedia хабарлағандай,  матч күні қалада бірқатар көлік және қауіпсіздік шаралары қабылданды:

  • Метро жұмысы түнгі 01:00-ге дейін ұзартылды, әсіресе стадионға жақын орналасқан «Байқоңыр» мен «Әуезов театры» станцияларына қосымша қызметкерлер жұмылдырылды;
  • Қала ішінде 6 тегін автобус бағыты ұйымдастырылды;
  • Орталық стадион маңындағы ірі көшелер — Байтұрсынұлы, Сәтбаев, Байзақов, Абай, Сейфуллин  уақытша жабылды.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай ауқымды халықаралық іс-шара Алматының туристік әлеуетін арттырып, болашақта да ірі спорттық туризм хабына айналуына жол ашады.

Back to top button