Жаңалықтар

«Реал» ойыншылары қазақстандық ерекше баланың арманын орындады

Фото: Kairat4

«Реал Мадрид» футболшылары Алматыда «Қайратпен» өтетін матч алдындағы жаттығу кезінде қазақстандық ерекше бала Санжардың арманын орындады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада испандық клуб жұлдыздарының Санжарды жан-жағынан қолдап, оған ерекше көңіл бөлгені көрсетілген.

Команданың бас бапкері Хаби Алонсо бастаған футболшылар жас жанкүйермен суретке түсіп, қолтаңбаларын берді. Сонымен қатар Санжарға Килиан Мбаппенің футболкасы сыйға тартылды.

Back to top button