Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Референдум алдында онлайн-кеңістікте ондаған заң бұзушылық тіркелді

Қазақстанда жалпыұлттық референдумға дайындық аясында интернет-кеңістіктегі заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, мониторинг барысында референдум және сайлау заңнамаларын бұзудың 26 фактісі тіркелген.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың айтуынша, олардың басым бөлігі әлеуметтік желілер мен онлайн платформалардың пайдаланушыларына қатысты.

Анықталған заң бұзушылықтардың 24-і онлайн платформаларда, ал 2 дерегі интернет-басылымдарда тіркелген. Көп жағдайда мәселе қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнамаларды жариялау және олардың нәтижелерін тарату талаптарының сақталмауына байланысты болған.

Министрлік бұл фактілер бойынша материалдарды Бас прокуратураға жолдаған.

Сонымен қатар, үгіт-насихат кезеңінде онлайн-платформаларда заң талаптарының бұзылуына қатысты тағы 54 жағдай анықталған. Бұл деректер бойынша барлық материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Ішкі істер министрлігіне жіберілген.

Айта кетері, бүгін – референдум алдындағы үгіт-насихат кезеңінің соңғы күні. Мониторинг барысында үш негізгі талаптың сақталуына ерекше назар аударылады. Олар:

• анонимді үгіт материалдарын таратуға тыйым салу;

• қоғамдық сауалнамаларды өткізу ережесін сақтау;

• мемлекет мүддесіне қайшы келетін үгітке жол бермеу.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button