ЖаңалықтарШоу бизнес

«Репетиция болды ма?»: болашақ келініне клип арнаған Жанболат пен Жазира желіде талқыға ұшырады

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова болашақ келініне ән арнағанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әнші Жазира Байырбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында клиптің үзіндісімен бөлісті.

«Жаңа жылдың жаңа күнінде болашақ келініме арнап түсірілген ерекше бейнебаян.

agugai_ansambl — мен бірге Жандос Қаржаубайдың «Бауырсағы балдай қыз» әніне бейнебаян түсіру бақыты бұйырды.

Сөзі — Бақыт Қалибек.

Бұл ән-келінге деген аналық мейірім, ақ тілек пен отбасының берекесін жеткізетін туынды.

Осындай қуанышты күндерді Алла әр шаңыраққа нәсіп етсін.

Ал сіздер бұл бейнебаянда кімдерді байқадыңыздар?», — деп жазды ол.

Клипте Сәкен Майғазиевтың жұбайы Динара мен келіні түскен.

Оқырмандары ізгі тілектерін білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button