Жаңалықтар
«Ресей қантына тыйым салынсын»: Вице-министр жауап берді
Фото: pixabay.com
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ брифингінде БАҚ өкілі сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz BAQ.KZ қа сілтеме жасап.
Сіз білетіндей, бізде қант шығаратын 4 қана зауыт бар. Оның біреуі – жөндеуде. Сарапшылардың айтуынша, олардың барлығы Ресей қантына қарсы. Ресей Федерациясының аумағында 65 қант зауыты бар. Қант саласындағы сарапшылар Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ресейден автокөлікпен келетін қантқа тыйым салуды ұсынып отыр. Бұған Ауыл шаруашылығы министрлігі қалай қарайды? – деп сұрады журналист.
Вице-министр Ресей қантының бағасы айтарлықтай арзан екенін алға тартты.
Бірқатар түрлі себептерге байланысты Ресей қантының бағасы бізде өндірілетін қанттан арзанырақ. Сондықтан бүгінгі таңда импортталған қант бағасы айтарлықтай арзан екенін ескеріп, бұл сұрақты отандық қызылша шикізатынан қант өндіретін зауыттарымызға объективті, әділ баға ұсыну үшін қарастырып жатырмыз. Бұл сұрақ ведомствоаралық комиссияда қаралады, – деді Ербол Тасжүреков.