Әлем жаңалықтары

Ресей көлік министрлігі Қазақстаннан көмек сұрады

Ресей билігі мәселені шешу үшін «дос» елдермен  ішкі рейстерге ұшақ тапшылығы мәселесі туралы келіссөздерді бастады  деп хабарлайды  qandastar.kz  Orda.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан серіктестердің біріне айналуы мүмкін», – деді Ресейдің көлік министрі Роман Старовойт.

Қазіргі уақытта қазақстандық әуе компанияларына Ресей қалалары арасындағы рейстерді орындауға рұқсат беру мүмкіндігі талқылануда.

 

Қазір мұндай рейстерді тек ресейлік әуе тасымалдаушылары ғана орындай алады, бірақ әуе кемелері тапшылығына байланысты билік бұл ережені өзгертуді қарастыруда.

Әскери қақтығыс басталғанға дейін ресейлік авиация флоты 850-ге жуық ұшақтан тұрса, 2023 жылға қарай олардың саны 736-ға дейін қысқарды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close