Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Ресей Ливия үшін жалған банкнот басып шығарды

Фото: profindustry.ru

Кейін ол ақша долларға айырбасталған. Осы жағдай ливиялық динардың құнсыздануына ықпал етті. Reuters агенттігі осындай хабар таратты, – деп жазады atamekenbusiness_qaz.

Оған дейін ақша Ливияның солтүстік-шығысындағы жойқын су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін бағытталған. Қаражаттың тағы бір бөлігі Ливия мен Сахелдегі ресейлік жалдамалылардың қызметін қолдауға жұмсалуы мүмкін. Сахел – Африканың Буркина-Фасо, Мавритания, Мали, Нигер және Чад аймағы.

Ресей 2015 жылы ливиялық динарларды басып шығару туралы келісімге қол қойған. Оны Гознак компаниясы жүзеге асырып, 2016-2020 жылдар аралығында шығыс Ливия үкіметіне 10 млрд динардан астам қаржы жеткізген.

Муаммар Каддафи қайтыс болғаннан кейін Ливияда екі орталық банкі әртүрлі тариф белгілейтін қос билік құрылды. БҰҰ мойындаған орталық банк Триполиде орналасқан. Генерал Халифа Хафтардың құрылымдары бақылайтын екіншісі Бенгазиде.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close