Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде Ресей Қазақстанда салуы тиіс үш жылу электр орталығының келешегі жөнінде сұраққа жауап берді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Тizginkz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақкенженовтің айтуынша, Қазақстан үкімет Көкшетаудағы жылу-электр орталығын өз күшімен салу жөнінде шешім қабылдаған. Бұл мәселе Ресейге ескертілген
Ал Семей мен Өскемен қалаларында салынуы тиіс тағы екі ЖЭО жобасы бойынша Қазақстан әзірге оларды қаржыландыруға дайын инвестор таппай отыр.
«Аталған екі жоба бойынша (Семей мен Өскемендегі ЖЭО) Ресей тарапынан жеңілдетілген қаржыландыруға қатысты әлі күнге дейін нақты жауап келген жоқ. Қазақстан бұл мәселені «ыңғайлы сәттерде» үнемі еске салып келеді. Егер алда жауап сол күйі келмесе, Қазақстан бұл жобаларды да өз күшімен іске асыруға мәжбүр болады, – деді министр.


