Әлем жаңалықтары

Ресей үшін соғысқан қазақстандық ер адам Путиннен азаматтық беруді сұрады

Фото: скрин видео

Қазақстандық Петр Мирошниченко Украинаға қарсы соғысқа қатысқаны үшін елге қайта алмай жүр. Ол енді президент Владимир Путинтен Ресей азаматтығын беруді сұрады. Бұл туралы qandastar.kz хабарлайды.

Ақмола облысының 41 жастағы тұрғыны Петр Мирошниченко екі жыл бұрын Ресей жағында келісімшарт бойынша соғысу үшін Владимир қаласына келген. 2023 жылы желтоқсанда оның құжаттарының мерзімі біткендіктен, депортацияланды.

«Қазақстанда ҰҚК қызметкерлері елден кетуге бір ай уақыт берді. Мен мұны заңды түрде жасай алмадым, өйткені өтінішім қанағаттандырылмады. Сондықтан Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтіп, онда шекара қызметінің офицерлері ұстап алды», – деді Мирошниченко.

Stan.kz жазғандай, Ресей соты Мирошниченкоға Ресей Федерациясына заңсыз кіргені үшін 10 мың рубль (50 мың теңгедей) айыппұл салды. Сот оны елден шығару туралы шешім шығарды. Соған қарамастан, 2024 жылдың жазында ер адам «Восток» еріктілер жасағымен келісімшартқа отырып, Украинаға соғысқа аттанады. Алты айдан кейін ол Ресейге оралып, бюрократиялық мәселелерге тап болды.

«Мен Қазақстанға орала алмаймын, өйткені ол жерде арнайы әскери операцияға қатысқаным үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырыламын. Ресми түрде Ресей аумағында да бола алмаймын, өйткені тыйым салу және депортациялау туралы қаулы бар. Сондықтан азаматтық алуға көмектесуіңізді сұраймын. Мен Ресей азаматтығын алуға лайық екенімді іс-әрекетіммен дәлелдедім деп ойлаймын», – деді Петр Мирошниченко.

Бірге соғысқа қатысқан жігіттер Путиннен депортацияны тоқтатып, Мирошниченкоға Ресей төлқұжатын беруді сұраған. Сөздерінше, ақмолалық ер адам мина алаңдары мен украиндықтардың кедергілерін тазартумен айналысқан. Соғыс кезінде ол өзін «Ресейдің тағдырына алаңдайтын» адам ретінде көрсетті дейді.

Қазақстанда “Жалдамалылық” бабы бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыс өлімге немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, Қазақстан азаматтығынан айыра отырып, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close