Әлем жаңалықтарыСаясат

Ресей Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамайды – Песков

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтынын, алайда ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамайтынын мәлімдеді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.

Песковтың айтуынша, Ресей ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады. Алайда оның сөзінше, ел ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты бастауға ниетті емес.

«Біз өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Бірақ ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамаймыз», – деді Дмитрий Песков швейцариялық Weltwoche басылымына берген сұхбатында.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button