Ресейде ер адам қоғамдық көлік аялдамасында отырған әжейді байқап қалған. Оның айтуынша, зейнеткердің сырт келбеті АҚШ-тың президенті Дональд Трампты еске салады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі Блог Ержана парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада әженің бет-әлпеті, шаш үлгісі мен мимикасы Дональд Трампқа таңқаларлықтай ұқсас. Көпшілік бұл ұқсастықты әзілге айналдырып, түрлі пікір қалдыруда.
Желі қолданушылары «Трамптың әпкесі» деп атап кеткен әжей қысқа уақытта интернет жұлдызына айналды.


