
Омбыдағы өрттен Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ресейдің Омбы қаласында болған өрт салдарынан Қазақстан азаматы Максим Багинский қаза тапты.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Қазір Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығы қаза болған азаматтың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Дипломаттар құжаттарды рәсімдеу мәселелерімен айналысып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресейдің тиісті органдарымен байланыс орнатқан.
СІМ өкілдері марқұмның жақындарымен тұрақты байланыста екенін хабарлады. Қазақстан тарапы азаматтың қаза болуына байланысты барлық қажетті консулдық-құқықтық көмекті өз құзыреті аясында көрсетуде.



