Жаңалықтар
Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Сурет: Zakon.kz
Волгоград облысының Котельниковский ауданында «Қазан-Адлер» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жол апатына теміржол өткелінен өтіп кеткісі келген КАМАЗ жүргізушісі себеп болған, деп жазады Region 116 Kazan Telegram арнасы.
«Отыз минут бұрын Котельниковский ауданында «Қазан-Адлер» пойызы рельстен шығып кетті», – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 100 адам зардап шекті. Сегіз вагон рельстен шығып кеткен.
Оқиға орнында үш жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді тасымалдауда.