Қырғызстанда ресейлік әнші Валерий Меладзенің концерті болмайтын болды, деп жазады qandastar.kz.
Бұл туралы 12 желтоқсанда оның продюсері Павел Рудченко өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді. Оның пікірінше, ел билігі әртістің Қырғызстанда болуы кезінде қандай да бір саяси ұрандардың пайда болуынан сақтануды көздеген. Себебі Валерий Меладзе 2022 жылы Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресейден кеткен.
Павел Рудченко сондай-ақ әншінің Шығыс елдерінде концерт өткізе алмайтын әртістер тізіміне енуі мүмкін екенін атап өтті.
Айта кету керек, Валерий Меладзе өзінің 60 жылдық мерейтойына орай Орталық Азия бойынша тур аясында концерт өткізуді жоспарлаған. Оның командасы бұрынғы ТМД елдерінің билік органдарына арнайы кепілдік хаттар жолдап, сол елдердің халықтарына деген құрметі мен сүйіспеншілігін білдірген.
Осылайша, олар концерт өткізуге рұқсат сұрап, саяси сипаттағы кез келген жағдайлардың болмауына уәде берген.
Қазақстан мен Өзбекстан бұл ұсынысқа келісім бергенімен, Қырғызстан әртіске бірден бас тартқан.


