Блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook парақшасында тұз бағасына қатысты ой салатын жазба жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлады.
Оның айтуынша, дүкен сөрелерінде Ресейде өндірілген 1 келі тұздың бағасы небәрі 67 теңге болса, Қазақстанда өндірілген 900 грамм тұз 413 теңгеден сатылып жатыр.
«Менің сөзім жоқ, сұрақтарым өте көп. Бірақ бірде-бір логикалық жауап жоқ», — деп жазды блогер.
Азамат Сәрсенбаев отандық өнімнің импорттық тауардан бірнеше есе қымбат болуы түсініксіз екенін атап өтіп, бұл жағдай баға қалыптастыру, делдалдар мен нарықтағы бақылау мәселесіне қатысты сұрақтар туындататынын жеткізді.


