Жаңалықтар
Ресейдің әскери кемесі Ақтау портына келді

Фото: видеодан скриншот
Ақтау халықаралық теңіз портына Ресейдің әскери кемесі келді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сапардың басты мақсаты – екі елдің флоттары арасындағы әскери ынтымақтасты нығайту. Қорғаныс министрлігі кемелер оқу-жаттығуға қатысатынын атап өтті.
Бүгін Ақтау халықаралық портына Ресейдің Каспий флотилиясының кемелері келді. Оның ішінде біреуі «Татарстан» зымыран кемесі, екіншісі – теңіз буксирі. 23-24 қыркүйекте олар бірлескен оқу-жаттығуға қатысады, — деді Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.