Әлем жаңалықтары

«Ресейге қарсы санкциялардың 2027 жылға қарай алынады деп үміттенеміз» – Орбан

Венгрия Украинадағы қақтығыстың шешіліп, Ресейге қарсы санкциялардың 2027 жылға қарай алынып тасталады деп үміттенеді, деп жазады qandastar.kz сайты sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Будапешттегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Біз 2027 жылға қарай қазіргі әскери жағдай аяқталады, Ресей мен Украина арасында теңгерімді жаңа жағдай орнайды және нәтижесінде санкциялар алынып тасталады деп үміттенеміз, – деді Виктор Орбан.

Виктор Орбан Еуроодақтың Ресейден мұнай мен газ импортына тыйым салу жоспары Венгрия үшін ауыр екенін және сондықтан соңғы шешімнен кейін бірден Будапешт Еуропалық комиссияны заңдық негізді теріс пайдаланғаны үшін сотқа беретінін мәлімдеді. Себебі санкциялар негізінен барлық ЕО елінің келісімінсіз сауда саясаты туралы шешім ретінде қабылданып жатыр.

Жақында ғана Зеленский Ресей, Қытай және Виргин аралдарының 70 компаниясына санкциялар салды.
Тізімнің ішінде Ресейде тіркелген 60 компания, Қытайдағы 9 және Виргин аралдарындағы бір компания бар.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button