Жаңалықтар

Ресейлік агенттер Бергей Рысқалиевтің көзін жоймақ болды, тапсырыс беруші кім?

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев халықаралық тыңшылық дауының ортасына түсті. Бұл оқиға Ұлыбритания соты Ресейдің пайдасына тыңшылық жасағаны үшін Болгарияның алты азаматын соттағаннан кейін белгілі болды, деп жазады Alash.KZ.

Олардың тапсырмаларының бірі – Қазақстаннан қашып кеткеннен кейін Лондонда тұрып жатқан Рысқалиевті көзін жою болған. Тергеу мәліметінше, ресейлік агенттер оның ізіне түсіп, қастандық ұйымдастыруды жоспарлаған. Бұл әрекет арқылы олар Қазақстан билігіне «қызмет көрсетіп», Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты жақсартуды көздеген.

Бергей Рысқалиев туралы не белгілі?

Ол 2006–2012 жылдар аралығында Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. Мемлекеттік қаражатты жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша айыптар тағылып, халықаралық іздеу жарияланды. Ол 71 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырған. 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті сырттай 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close