Жаңалықтар

«Жүкті болып тұрмысқа шығу қалыпты болған»: Ресейлік блогердің пікірі желіде дау тудырды

2,1 миллион жазылушысы бар ресейлік блогер Эльмира Ілиясова әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды қорлайтын пікір айтқаны үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы. 

Бірнеше күн бойы Threads платформасында (парақшасы — elle_happy_mom) Ілиясованың жазбасына қатысты талқылау толастамай тұр. Дау блогердің оқырмандарымен өткізген «сұрақ-жауап» сәтінде айтқан сөзіне байланысты шыққан.

Сол кезде ол: «Қазақстанда жүкті болып тұрмысқа шығу — қалыпты құбылысқа айналды» деген пікір білдірген. Оның бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Көптеген қазақстандықтар блогердің сөзін қорлайтын және стереотипке толы деп бағалап, әлеуметтік желілерде оны айыптаған пікірлерін қалдыруда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button