Украинаның Қауіпсіздік қызметі ресейлік әнші Филипп Киркоровты ресми түрде іздестіруге жариялады, деп жазады qandastar.kz порталы kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Әншінің деректері арнайы базаға енгізілген.
Украинаның Қауіпсіздік қызметі оны «Украинаның ұлттық мүдделеріне зиян келтіру» үшін Ресейдің жаңа аумақтарына кіру және шығу ережелерін бұзды деп айыптап отыр.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Киркоровқа қатысты мәліметтер іздестіру базасына 30 қазан күні тіркелген. Алайда бұл ақпарат көпшілікке енді ғана белгілі болды.


