Қаржы және төлемдер
Ринат Зайытов елдегі қымбатшылық мәселесіне алаңдаушылық білдірді
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елдегі қымбатшылық мәселесіне қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды qandastar.kz Dalanews.Kz-ке сілтеме жасап.
“Бәрі қымбаттап жатыр. Доллардың өсуіне байланысты азық-түліктен бастап, басқа да заттардың бағасы аспандап кетті. Қазір наннан басқасының бәрі шарықтап тұр”, – деп қынжылды депутат.
Еске салайық, бұған дейін Ресей Федерациясының экспорттаушылар мен импорттаушылар қауымдастығы (РФ ЭИҚ) 2025 жылы жалпы инфляцияға, көлік шығындарының өсуіне және Орталық банктің басты сыйақы мөлшерлемесінің жоғары болуына байланысты азық-түлік бағаларының 15%-ға қымбаттауы мүмкін екенін ескерткен еді.
РФ ЭИҚ вице–президенті Артур Леердің айтуынша, 2025 жылы сүттің орташа құны қазіргі мәннен 10-15% -ға, сиыр етінің бағасы12%-ға, шошқа етінің бағасы 10%-ға, жемістермен көкөністер 15-20%-ға қымбаттауы мүмкін.Жалпы өсім шамамен 15% құрайды.
Бағалар өсімі Ресейдегі жоғары инфляциямен, ТКШ қызметтерінің, көлік тарифтерімен,жоғары базалық мөлшерлемемен, қымбатнесиелермен және т.б. байланысты.
Ресейдегі инфляция Қазақстанда да тікелейкөрініс табады, өйткені біз азық-түліктіңкөп бөлігін Ресейден импорттаймыз,осылайша ресейлік инфляцияны да қоса «сатып аламыз». 2024 жылдың тек бірінші жартыжылдығында Қазақстан 2,2 млрддоллардан артық сомаға ресейлік өнімдердісатып алған.
ҚР Ұлттық банктің ақша–кредит саясатыжөніндегі баяндамасында келтірілгендей, Қазақстан Ресейден (барлық импорттан)консервіленген көкөністердің 88%-ын, қанттың 71%-ын, шұжық өнімдерінің 67%-ын және сүзбенің 44%-ын импорттайды. Мұндай жағдай Ресейдегі инфляция Қазақстан нарығына да тікелей әсер ететінін көрсетеді.
Серіктес елдердегі геосаяси жәнеэкономикалық жағдайдағы өзгерістерҚазақстандағы бағаның өсуіне әсер етуі мүмкін, – деп атап өтті ҚР Ұлттық банк мамандары.Мәселен, 2022 жылы геосаясишиеленіс, әлемдегі инфляцияның өсуі жәнетеңгенің номиналды бағамының құнсыздануыаясында Қазақстанда импорттық инфляциякөлемі айтарлықтай өсті. Оның азық-түлікинфляциясындағы үлесі бір жыл ішінде орташаесеппен, яғнм 2021 жылғы 2%-дан 2022 жылы5,8%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, Ресейденазық-түлік тауарлары көпимпортталатындығына ерекше назар аудару керек.
«… Бұл тұрғыда Ресейдегі инфляцияның үдеуіжәне рубльге шаққанда теңге бағамының әлсіреуі Қазақстандағы азық-түлікинфляциясының жеделдету тәуекелдерінарттыруы мүмкін«, делінген ҚР Ұлттық банкі баяндамасында.
Сонымен қатар, Ұлттық банк атап өткен Ресейдегі жағдайға байланысты тағы бір қатер бар.
«Қазіргі уақытта Ресей санкцияларғабайланысты жұмыс күшінің тапшылығына,сондай-ақ өндірістік қуат шектеулерінетап болуда. Бұл өндіріс салаларындағы қысымды күшейтеді, онда да тұтынушылық сұраныстың жоғары болуы сипатында. Егершектеулер сақталса немесе санкцияларкүшейтілсе, Қазақстанға импортталатын азық-түлік тауарлары көлемінің қысқаруқаупі бар«, делінген ҚР Ұлттық банкібаяндамасында.