Жаңалықтар
Роман Скляр отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz
Брифинг барысында ол журналистердің түрлі сұрақтарына жауап беріп, өз мүмкін отставкасы туралы пікірін білдірді.
«Мен бұл сұраққа қысқа жауап беремін. Үкіметте алты жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Маған басшылық сенім артқанша, өз жұмысымды жалғастыра беремін», – деді Роман Скляр.