Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Росавиация Ақтауда құлаған ұшаққа қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Azamat Sarsenbayev/Reuters

Олар Грозный әуе кеңістігі Embraer ұшағы апатқа ұшырамас бұрын жабылған деп отыр.

Бұл туралы Росавиация басшысы Дмитрий Ядровтың Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты алғаш рет жасаған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

25 желтоқсанда Грозный әуе кеңістігі Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған кезде украиналық дрондардың шабуылына байланысты жабылған.

«Сол күні және сол уақыттағы сағаттарда Грозный әуежайының маңындағы ахуал өте қиын болды. Украиналық әскери дрондар сол уақытта Грозный мен Владикавказдағы азаматтық инфрақұрылымға террористік шабуылдар жасауға тырысты. Осыған байланысты Грозный әуежайының маңында барлық әуе кемелерінің аталған кеңістіктен дереу кетуін көздейтін «Ковер» режимі енгізілді», – деді Ядров.

Сөзінше, Грозный әуежайының маңында қалың тұман болған және 500 метр биіктікте ештеңе көрінбеген.

Бұдан басқа Росавиация басшысы апатқа ұшыраған Embraer ұшағының командирі әуе кемесін Грозныйда екі рет қондыруға әрекет жасағанымен, ол сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді.

«Командирге басқа әуежайлар ұсынылды. Ол Ақтау әуежайына бару туралы шешім қабылдады», – деді ол.

Дмитрий Ядров Қазақстан мен Әзербайжанмен бірлесіп «тергеуді қажет ететін көптеген жағдай» бар екенін алға тартты. Сондай-ақ Ресей тарапы тергеуде ынтымақтастық жасауға дайын екенін білдірді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close