Жаңалықтар
Роза коуч қарызға батып, той жасау «тупизм» екенін айтты
Фото: Фото: Massaget.kz
Елге белгілі коуч Роза Әшірбаева халықты тойдан бас тартуға шақырды, деп жазды qandastar.kz
«Қазақты өлтіретін той… Қазақтың дәстүрі деген сылтаумен кредитке, қарызға кіріп, көзбояушылық жасап, 200-300 танымайтын адамның басын қосып, тойханалардың қарнын тойдыру — бұл нағыз «тупизм». Бізде қазақтар той жасау арқылы кедейлікке тап болып жатыр. Тойдан бас тарту керек. Мен елге бергенімді жинаймын деген нәрсе, ол өтірік әңгіме. Отыр да, киіз кітабыңды аш та, есепте… қанша алып келеді екен. Осынша уақытқа дейін елге қанша бердің. 1-2 миллионның басы құрыла ма, құрылмай ма? Ал сен жайдан-жай 5-6 миллион қарызға кіресің», — деді Роза Әшірбаева өзінің Instagram парақшасында.