Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева көптен бері күткен сүйінші жаңалығын оқырмандарына жеткізді, деп жазады qandastar.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында «Сахнада 50 жыл» деген жазуы бар суретін жариялап, алда өтетін концертінен сыр шертті.
«Жақын арада… Айтылмай келген сырлар… Арманға толы әуендер…» – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұл жазбаға ерекше ықылас білдіріп, «Асыға күтеміз», «Кеңес Одағы кезінде Алла Пугачева мен София Ротарумен бір сахнада өнер көрсетіп, қазақ әнін әлемге танытқан санаулы әншілердің бірі. Бала күнімізде Роза апамыздың дауысы радиодан шықса, бәріміз тына қалып тыңдайтынбыз. Өзін жұлдыз санайтын бүгінгі кейбір әншілер осы кісіден үлгі алса ғой», «Сахнадан кетпей, өмір бойы ән айта беріңізші, сізді тыңдаудан жалықпаймыз» деген жылы лебіздерін қалдырды.



