Шоу бизнес

Роза Рымбаева Жазира Байырбековаға келінді қалай ұстау керек екенін айтты

Әнші Жазира Байырбекова халық әртісі Роза Рымбаевадан келінге қалай қарау керектігі жөнінде пікірін сұрады, деп жазады qandastar.kz.

Роза Рымбаева қазіргі қоғамда келінге құл сияқты қарайтын жағдайлар бар екенін айтып, бұл көзқарасты сынға алды. Оның айтуынша, келін – үйдің болашағы мен берекесін сақтайтын жан.

«Менің түсінігімде келін – қызым емес, мен кеткеннен кейін орнымды басатын адам. Ошақтың анасы болатын жан», – деді халық әртісі.

Сондай-ақ ол өмірдің өткінші екенін атап өтіп, отбасының ертеңі келіннің қолында екенін жеткізді.

«Мен 100–200 жыл өмір сүрмеймін. Мен кеткенде орнымды осы келінім басады. Сондықтан келінге ақылмен, сабырмен қарап, білгеніңді үйреткен дұрыс», – деп түйіндеді Рымбаева.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жазира Байрбек (@zhazira_bairbekova)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button