Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның жалғыз немересі, үш жасар Зейннің ерекше есте сақтау қабілеті мен географияға деген қызығушылығы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Баланың анасы Әкерке Бүркітбай ұлының қатысуымен түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Кадрларда анасы әртүрлі елдердің суреттері мен мемлекеттік рәміздерін көрсеткенде, Зейн оларды еш қиналмай танып, дәл атап өтеді.
Әсіресе, желі қолданушыларын Зейннің Қазақстан туын бірнеше рет көрсетіп, мақтанышпен «Қазақстан!» деп айтуы ерекше әсерге бөледі.
Желі қолданушыларының пікірінше, кішкентай Зейннің сөзінен-ақ оның туған еліне деген шынайы сүйіспеншілігі мен берік байланысы сезіледі.



