Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Рудный қаласында жас жігітті өлтіріп, қашып кеткен екі жасөспірім іздестіріліп жатыр

Рудный қаласының 19 жастағы тұрғынын өлтіріп, қашып кеткен екі жасөспірімге іздеу жарияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полиция олардың кім екенін анықтады.

Қостанай облыстық прокуратурасы қылмыстың мән-жайын хабарлады.

«2026 жылдың 23 қаңтарында Рудныйда 19 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2008 және 2009 жылы туған екі күдікті анықталды. Оларды табу және ұстау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде, тергеу бақылауда», — делінген хабарламада.

Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша тергелуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button