Ықтияр хат

Рұқсатты рәсімдеу не үшін қажет?

ҚР тұрақты тұруын растайтын құжат – бұл тұру ықтиярхаты. Тұру ықтиярхатын алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Рұқсат аумақтық полиция департаметтерінде беріледі. ҚР келушілерге және тұру ықтиярхатын алуға тілек білдірушілерге қойылатын негізгі талап олардың төлем қабілеттілігінің дәлелі болып табылады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекітілген тізбесі бойынша келесі құжаттар ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама;
2) көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), олардың жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
3) бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын растайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
4) оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
5) өтінішхат берушінің қолтаңбасымен қазақ немесе орыс тіліндегі өмірбаян;
6) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
7) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
8) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
10) «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
11) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
12) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (туу фактісін анықтаған не басқа мемлекеттік аумағында оның тұруы анықталған жағдайда жеке басты куәләгә жоқ көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде).

5), 6), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауы тиіс.

Оң қорытындысы шығарылған жағдайда  шетелдік тұрақты тіркеу есебіне алынып және шетелдіктің тұруға ықтиярхатымен құжаттандырылатын болады.

Иммигранттарға ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге тыйым салынады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close