Жаңалықтар
Руслан Берденовке жасалған қастандық: іс екі бап бойынша тергеліп жатыр

Фото:саясат
Шымкент қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасау дерегі бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды qandastar.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі — қылмысқа оқталу – қасақана қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер ол адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн аяқталмаса, қылмысқа оқталу деп танылады.
ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 6-тармағы — 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген адам өлтіру мынадай: 6) өзге адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалса,он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Полиция бұл баптар бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілей отырып не тәркілемей, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын атап өтті. Бұл — соттың шешіміне байланысты болады.
Еске салайық, Руслан Берденов 21 сәуірде үш рет дробовикпен атылып, ауыр жарақат алған. Шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Шымкент әкімінің орынбасары шұғыл түрде ота жасатып, қазіргі таңда ауыр жарақаттан кейін дәрігерлердің бақылауында қалып, емделіп жатыр.