Жаңалықтар

Руслан Берденовтің отадан кейінгі фотосы тарады

фото: әлеуметтік желі

Үш апта бұрын оқ жарақатын алған Шымкент әкімі Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы пайда болды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты. 

Палатадағы кереуетте жатқан Берденовпен белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев суретке түскен.

«Руслан – мен құрметтейтін санаулы саясаткерлердің бірі. Жақында оған қастандық жасалған еді, бірақ шүкір, аман қалды. Қазір денсаулығы жақсы, жағдайы тұрақты», – деп жазды ол.

Еске салсақ, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке төрт сағат бойы ота жасалған. Дәрігерлеи оның өміріне қауіп жоқ екенін айтты.

Полицейлер күдікті Ернар Жиембайды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысты істеуге оқталу) және 99-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы (Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу) бойынша тергеліп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close