Жаңалықтар

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс» басшысы атанды

Руслан Өскенәлі 1984 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар Woodbury University-де MBA дәрежесін алған, деп хабарлайды QANDASTAR ақпараттық порталы.

Оның коммерциялық және өндірістік құрылымдарды басқару саласында мол тәжірибесі бар. Әр кезеңде «Қазақмыс» корпорациясы, Alstom және General Electric сияқты ірі халықаралық әрі ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқарған.

2024 жылдың наурыз айынан бастап Qarmet компаниясында жабдықтау жөніндегі директор болып жұмыс істеп, сатып алу жүйесін стратегиялық тұрғыда дамыту және жабдықтау үдерістерін жетілдіру мәселелерімен айналысты. Сонымен бірге Басқарма мүшесі ретінде компанияның басқарушылық шешімдерін қабылдауға қатысып келеді.

Жалпы алғанда, оның кәсіби тәжірибесі ірі өндірістік кәсіпорындардың активтері мен операциялық қызметін басқаруды, сондай-ақ стратегиялық жобаларды жүзеге асыруды қамтиды.

Руслан Өскенәлі жоғары тиімділік стандарттарын ұстануымен, корпоративтік мәдениет құндылықтарын қадірлеуімен және ұйымдағы кадрлық әлеуетті дамытуға көңіл бөлуімен ерекшеленеді.

Back to top button