ЖаңалықтарСпорт

Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда, деп жазады qandastar.kz 

Турнирде бесінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемдік рейтингте 21-орында тұрған бельгиялық Элизе Мертенсті сенімді түрде жеңді.

Кездесу екі сетте — 6:1, 6:3 — есебімен аяқталып, 1 сағат 17 минутқа созылды.

Матч барысында Рыбакина 10 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Сонымен қатар, ол өз подачиында қарсыласына бірде-бір гейм бермеді.

Ширек финалда қазақстандық спортшы австралиялық Мэддисон Инглис пен әлемнің екінші ракеткасы — польшалық Ига Швентек арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Рыбакинаның Australian Open турниріндегі ең үздік нәтижесі — 2023 жылы финалға шығуы. Ал өткен маусымда ол жарысты төртінші айналымда аяқтаған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button