Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Тик-ток желісіндегі тікелей эфирге шығып, жас қызбен әңгіме-дүкен құрып, соңында оның жеке басына қатысты ауыр сөздер айтады, деп жазады qandastar.kz.
Белгілі спортшы «Мони» шектен шыққан дөрекілік танытты.
«Саған кім әдемі деп айтты? Қай жерің әдемі сенің?», — деп спортшы қыздың сырт келбетіне баға береді.
Соныме қатар, Хамитов жас қызға бұдан да басқа ауыр сөздер айтады.
«Түріңе қарап сені бай деп қалуы мүмкін. Күйеуге тиген соң не істейсің? Не сабақ оқымағансың?! Не тамақ істей алмайсың! Түріңнің неге ұқсайтыны түсініксіз. Не істейсіз? Алдағы 5 жылда жобамен түрін менікіндей болады. Қалай жұмыс істейсің? Жас қыздар көп деп сенен массажды ешкім алмайды. Не жасайсың? Жасайтын да жерің қалмаған! Күйеуі мотивацияны түсінбейтін болады. Қарын деген үш бала туатын әйелдікіндей. Артын көтеріп үшінші қабаттан түскенде жүрегі отырып, инфаркт алады. Сендерге кредит бермейді, өмірі жұмыс істемегенсіңдер. 1 млн теңге береді. Оны екі қолтырауын бір айда жеп тастайсыңдар. Ары қарай не істейсіңдер? Эфирге де шыға алмайсың. Себебі, мұнда әдемі қыздардың көптігінен қырыққа келген сені ешкім қарамайды», — деді Қуат Найман.
Алайда Қуат Хамитов белгісіз бойжеткенді болашағы жоқ деп кемсітіп, оның намысына тиді. Сондай-ақ жеке тұлғасына тиісіп, келешектегі жары да түкке жарамайтын адам болады деп әжуалады. Айта кетерлігі, Қуат Хамитов оны қанша жерден сөксe де, желі қолданушысы оған қарсы ешқандай уәж қайтармады.
Бұған дейін Қуат Хамитов орысша сөйлей алмайтын адамдарды, малға теңеген.



