Әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы, блогер Сәкен Қағаров өзін жақын танысы алдап кеткенін мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz
Блогердің айтуынша, видеограф ретінде бірге жұмыс істеген әріптесі одан камера сатып алып, ақшасын төлемей қойған.
«Өзім жақсы танитын адам еді, 200 мың теңгеге камера саттым. 10 ай өтті, бірақ әлі хабар жоқ. Ақша аса көп емес, дегенмен мен үшін бастысы сенімнің жоғалуы», — дейді ол.
Қағаровтың сөзінше, танысы алғашқыда бірнеше күнде қарызды қайтарамын деп уәде бергенімен, уақыт өте келе байланысқа шықпай кеткен.

