Жаңалықтар

«Салмағы кем болып шықты»: Желі қолданушысы Гүлбану Әбенова наразылық білдірді

Әлеуметтік желі қолданушысы Gulbanu Abenova танымал «Цесна» брендіне тиесілі жайманың сапасына қатысты шағым айтты. Оның айтуынша, өнім қаптамасында көрсетілген 300 грамм салмақ шындыққа сай болмаған, деп хабарлады qandastar.kz.

«Қаптаманы ашқанда салмағы 300 грамм емес екені бірден байқалды. Анам осы компанияның жаймасын ерекше ұнататын. Бірақ жуырда көңілі түсіп қалды», – деп жазды ол.

Автордың айтуынша, қаптамада қытай иероглифтері көрсетілген. Бұл жайт тұтынушылар арасында өнімнің шығу тегі туралы сұрақ туғызған.

«Сапалы өнімдерімен халық сеніміне ие болған компанияның өз тұрақты тұтынушыларын осылай алдауы өкінішті. Бұл жайманы енді Қытайда жасап жатыр ма?» – деп сұрады Gulbanu Abenova.

Фото: Гүлбану Әбенованың жеке парақшасынан

Back to top button