Қоғам белсендісі Вадим Курамшин Қостанай облысындағы пантеонда орналасқан Салтанат Нүкенованың аты жазылған мемориалдық тақта алынып тасталғанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айтуынша, Қазақстанның дамуы мен қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан маңызды тұлғалармен бірге тұрған Салтанат Нүкенованың есімі жазылған мемориалдық тақта алынып тасталды.
«Көпшілігіңіз білетіндей, кеше мен Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдінің Қостанай облысының Амангелді ауданында орналасқан пантеонға мемориалдық тақта орнату бастамасын қатты айыптадым.
Менің жазбам жергілікті билік органдары тарапынан назардан тыс қалмады. Бүгін таңертең әкімдік қызметкерлері маған қоңырау шалды, ал ескерткіш тақтадағы Салтанат Нүкенованың есімі жазылған жазба алынып тасталды», — дейді ол.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірі қолдап жатса, екіншілері бұл мәселеде біржақты болмау керектігін айтады.



