Қаржы және төлемдер

Салық Кодексінің жобасында халықты қымбатшылыққа ұрындыратын нормалар бар

Фото: ашық дереккөз

Депутат Асхат Аймағамбетов маңызды құжатты талқылау барысында қызу пікірталас өтіп жатқанын мәлімдеді. Мәселе өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкелетін нормаларда болып тұр, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

Мәжілісмен негізгілерін тізбелепті:

1. Білім. Корпоративтік салықты енгізу жеке меншік университеттердің, мектептер мен балабақшалардың бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Кәсіпкер өз пайдасын қайтсе де сақтап қалуға тырысады, сондықтан жаңа салық енгізілсе, ол қызметтің құнын өсіру арқылы шешімін табуы әбден ықтимал.

2. Дәрі-дәрмектер. Дәрі-дәрмектер мен олардың өндірісіне қажетті материалдарды ҚҚС (НДС) төлеуден босатылған тауарлар тізімінен алып тастау олардың қымбаттауына алып келеді. Бұл, әсіресе, тұрақты медициналық қолдауды қажет ететін азаматтарға ауыр тиеді. Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарға бұл қиындық тудыруы мүмкін.

3. Медициналық қызметтердің қымбаттауы. Медициналық қызметтерге ҚҚС енгізу олардың қымбаттауына алып келуі мүмкін.

«Бұл кодекс қарапайым халыққа қосымша қаржылық жүктеме әкелмеуі тиіс. Сондықтан қажетті түзетулерді ұсындық”, – деді депутат.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close