Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, пәтерін ресми тіркемей, салық төлемей жалға беретін азаматтарға қатысты жаңа шаралар енгізіледі, деп хабарлайды qandastar.kz.
Енді мұндай адамдарға алдымен ескерту жасалады, және бір ай ішінде салық органдарына тіркеліп, төлем жасауға мүмкіндік беріледі. Егер бұл талап орындалмаса, 39 мыңнан 59 мың теңгеге дейін (10–15 айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынады.
Мемлекеттік кірістер комитеті пәтерін салықсыз жалға беріп жүргендерді банктегі ақша аударымдары мен учаскелік инспекторлардың ақпараты арқылы анықтай алады.
Вице-министрдің сөзінше, салық төлеудің ыңғайлы тәсілдері бар:
-
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ, жыл соңында декларация тапсырып, табысының 10 пайызын ғана төлеу жеткілікті;
-
Сонымен қатар жеңілдетілген 3% және 4% мөлшерлемелер де қолданылады.
Министрлік жақын уақытта заңсыз жалға берушілерді анықтау жұмыстарын күшейтетінін хабарлады.



