Қаржы және төлемдер

«Салық төлеуден жалтарғандар үшін»: Сенатта қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін төмендету ұсынылды

Фото: pixabay.com

23 маусымдағы сенаттың кеңейтілген отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы қаралды. Онда депутаттар қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркеу шегін төмендетуді ұсынды, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов салық-бюджет реформасы аясында ұсынылып отырған негізгі өзгерістерді қамтитын қорытындыны оқып берді.

«ҚҚС бойынша тіркеуге тұру үшін шекті айналым мөлшерін 20 мың айлық есептік көрсеткіштен (биыл 78,6 миллион теңге) 10 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (биыл 39,3 миллион теңге) төмендету ұсынылады», – деді Мәкежанов.

Комитет өкілдері бұл өзгеріс бизнесті «дробление» (жасанды түрде бірнеше заңды тұлғаға бөлу) арқылы қосымша құн салығынан жалтарумен күресуге бағытталғанын атап өтті.

Жаңа Салық кодексін талқылау барысында үкімет бұл шекті 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынған еді. Бұл ұсыныс бизнес қауымдастығы мен сарапшылар арасында қызу пікірталас тудырды. Қарсы тарап бұл қадам шағын бизнестің жұмысына кедергі келтіріп, көптеген кәсіпкерді жалпы салық режиміне өтуге мәжбүрлейтінін және қосымша әкімшілік әрі қаржылық шығындарға алып келетінін айтты.

Осылайша депутаттар ымыралы шешім қабылдап, жаңа шекті 10 мың айлық есептік көрсеткіш деңгейінде белгілеуді ұсынды. Бұл өзгеріс бизнесті бөлшектеу мәселесін шешуге көмектесіп қана қоймай, шағын және микробизнестің мүддесін де ескеруге мүмкіндік береді дейді.

Ұсынылған Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер бүгін Сенатта бірінші оқылымда қаралып жатыр. Егер заң жобасы мақұлданса, ол әрі қарай жетілдіріледі.

Еске салайық, бұған дейін Салық кодексіне байланысты миллиондаған қазақстандықтың жалақысы қайта есептелетіні туралы жазған едік. Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа шегеріміне байланысты бухгалтерлер миллиондаған қазақстандықтың жалақысын қайта есептеуге мәжбүр болады. Қазір Қазақстанда білім беру, медицина, ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша сыйақы және көпбалалы отбасыларға 14 АЕК көлемінде шегерім бар. Енді сенатта қаралып жатқан Салық кодексі олардың күшін жоюды жоспарлап отыр, бірақ стандартты базалық шегерімді қазіргі 14 АЕК-тен айына 30 АЕК-ке (жылына 360 АЕК) дейін ұлғайтады. Егер кодекс қабылданса, бұл шегерім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап яғни артқы күнмен бекітіліп қолданылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close