Қаржы және төлемдер

«Самұрық-Қазынаның» қайырымдылыққа жұмсалатын қаржысын тексеру қажет

Фото: NUR.KZ 

Депутат Асхат Аймағамбетов жалпы осы сынды квазимемлекеттік ұйымдарды бақылауға алу қажет деген пікірде, деп жазды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазынаның қайырымдылық жұмыстары бойынша арнайы қорлары бар. Бірінші кезекте, осы квазимемлекеттік ұйымдардың қайырымдылыққа жұмсайтын қаражатын жақсылап тұрып қарауымыз қажет. Менің ұстанымым бюджеттен шығатын қаражат толығымен бақылауда болуы қажет. Қазір талқыға салынып жатқан Бюджеттік кодексте осы квазимемлекеттік ұйымдардың қайырымдылыққа жұмсайтын қаржысын тексеру мәселесі қамтылған», – деді депутат.

Аймағамбетов қайырымдылық қорларының жабылатынына сенбейді. Тек реттеу ережесін бекітіп, бақылау жеткілікті дейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close