Жаңалықтар
«Санаспайтын адамға төзетін артық шыдам жоқ»: Дана Нұржігіт әйелдер қауымына ақыл айтты

Фото: инстаграм
Тележүргізуші Дана Нұржігіт өмірінің бел ортасына келгенде өзгергенін айтты. Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, әйелдер қауымына ақыл айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
”Өмірдің бел ортасына келгенде мынаны түйсігіңе түйіп ал, құрбым! Сенде енді жас кезде артығымен болатын көп нәрсе жоқ. Бос әңгімеге артық уақыт жоқ. Артық денсаулық жоқ. Сенімен санаспайтын адамға төзетін артық шыдам жоқ. Өзіңді кезектің соңына қоятын бұрынғы ұяңдық жоқ. Осы жаста ұққаның мынау болу керек: Өмір деген қайта-қайта жазатын көшірме емес, бір ғана рет жазылатын түпнұсқа! Соны түсін, құрбым. Жан тыныштығы, тән саулығы бірінші орында тұрсын! Өзің қалаған іс шабыт беріп, өміріңе мән беретін шаруаң ғана өнеді, соған көзім жетті. Таңдау өз қолыңда, құрбым”, — дейді ол.
Skifnews.kz жазғандай, желі қолданушылары Дана Нұржігіттің ерекше форматтағы видеосы мен образына түрлі пікірлер жазуда.
”Осы дүниені қартайғанда бір-ақ түсіндік”, “50 ден асқанда бұлай билеген ыңғайсыз екен”, “Өте дұрыс айтасыз”, “Сізде нәзіктік жоқ екен, бұлай көпшілікке билемеңіз”, — деп жазды олар.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Дана Нұржігіт екінші некесінің сәтсіз болғанын, күйеуінен моральдық және психикалық қысым көргенін айтты. Журналистің экс-жұбайы қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде сотталған.