Жаңалықтар

«Сәнге айналды»: Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйелді өлтіріп кеткен

Фото: ашық дереккөз
17 тамызға қараған түні «НеМолчиKZ» қорына Алматыдағы «Асылтау» тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адам өлтірілгені туралы хабарламаса келіп түсті. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қордың айтуынша, әйел ғимараттағы 14-15 қабаттарды жинап, тазалықшы болып жұмыс істеп жүрген. Сағат 17:00-де тұрғын үй кешенінде полиция мен жедел жәрдем келді.

«Сәлеметсіз бе?! Біздің Алматыдағы тұрғын үй кешенінде тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірді. Бұл сұмдық. Біздің елде әйелін ұрып-соғып өлтіру сәнге айналған сияқты. Қылмыскерді қолға түсірген секілді. Әйелдің бір қызы бар, жасы 45-те еді. Мен оны күнде көретінмін, сондай ұқыпты еді. Екі үйдегі 14-15 қабатқа дейін тап-таза етіп, жинап шығатын”, – деп жазды тұрғындардың бірі.

Алматы полиция департаменті қайғылы оқиғаны растап, іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деді полиция департаменті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам әйеліне 10 рет пышақ жарақатын салып өлтірді деп айыпталып жатқанын жаздық. Жәбірленушінің жақындарының сөзінше, айыпталушы тарап қылмыс аффект жағдайында болды деп айтқан. Олар кінәлі тараптың әділ жазалануын талап етеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close