Жаңалықтар

«Сап-сау болып туылды»: Қызылордада 5 күннен кейін шетінеп кеткен сәбидің ата-анасы баланың өліміне дәрігерлерді кінәлайды

Фото: pixabay

Қызылордада сәби өмірге келіп, бес күннен кейін шетінеп кетті. Туғанда денсаулығы жақсы деп сендірген дәрігерлер сараптама нәтижесі баланың миында ісік барын көрсеткенін айтты. Ұлынан айырылған ата-ана болған жағдайға дәрігерлер кінәлі деп санайды, деп хабарлайды qandastar.kz Информбюро-ға сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты Дәулет пен Айгүл бір ай бұрын ұлды болдық деп қуанып, жақындарынан сүйінші сұраған. Өмірге келген нәрестеге Байжан деген есім қойып үлгеріпті. Алайда небәрі бес күн жарық дүниені көрген шақалақ шетінеп кеткен.

Әйел ұлын кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелген. Алайда дәрігерлер баланың жатырда өкпесі қысылып қалғанын айтты деп отыр. Ал бес күн өткенде сәбидің денсаулығы күрт нашарлап, жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Ал сараптама қортындысында баланың шетінеп кетуіне миындағы ісік себеп болғаны жазылған. Ерлі-зайыпты бұрын-соңды байқалмаған сырқат дәрігерлердің салғырттығынан пайда болуы мүмкін деп күдіктенеді.

“Киіндіріп жатқан кезде ме, әлде былайынша уақыттарда ма қатты бір жерге қойып қалды басын. Болмаса ұрып алды. Әйтпесе ісік қайдан пайда болады? Сап-сау бала, ол қалай кетіп қалады деп едім. Неден болып жатқанын біз де түсінбедік деп отыр”, – дейді Айгүл.

Ал Қызылордадағы “Ана мен бала” орталығындағы дәрігерлердің өз шындығы бар. Олардың айтуынша, баланың денсаулығында құрсақта жатқанда біткен ақауы болған.

“Ұзақ құрсақ ішілік гепоксия негізінде бас ми ишемиясы диагнозы қойылып, жансақтау бөлімінде нәресте ем алды. Бұл оттегі жетіспеушілігі ғой. Соның негізінде полиорганды жетіспеушілік бас ми ісінуінен ем-домға қарамастан нәрестенің ағзасында қайтымсыз процестер болуы негізінен бала 11 наурыз күні шетінеп кетті”, – дейді Қызылорда облыстық ана мен бала перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Жақанова.

Дәрігерлер нәрестені аман алып қалу үшін қолымыздан келгенін жасадық деп ақталып әлек. Алайда ерлізайыпты олардың сөзіне сенуден бас тартты. Сол себепті құзырлы органдарға дәрігерлердің үстінен шағым түсірмек.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close