Жаңалықтар
Сапа үшін адал төлем қажет: “Жаңа адамдар” жолақыға қатысты бастама көтерді
фото: rweek.ru
Алматылықтардың жол азабымен бетпе-бет тап келетін кезі көп. Мұның басты себебі — билетсіз жүретін жолаушылар. Мысалы, өткен жылдың тек бір айының өзінде билетсіз жолға шыққандардың саны 60%-ға артқан. Бұл мәселе қоғамдық көліктердің сапасына кері әсерін тигізуде, деп жазады qandastar.kz.
“Жаңа адамдар” қозғалысы мұны назарға алды. Қордың «Зайцам – НЕТ!» азаматтық науқаны әрбір жолаушының қоғамдық көлікте жолақы төлеуін бақылайды. Өйткені бұл қаладағы көлік жүйесінің дамуы мен жайлылығына үлес қосып отыр.
Жолақыдан түскен қаражат қоғамдық көліктерді жөндеуге, автобустағы тазалықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға жұмсалады.
Көпшілігімізге дүкенде тауар үшін төлемей, оны алу туралы ой кіріп те шықпайды. Бірақ неге екені белгісіз, бұл ереже қоғамдық көлікте жиі ұмытылады. Жүйелі рейдтер кезінде билетсіз жүрген жолаушылардан сан түрлі сылтауларды естідік: «Мен енді ғана отырдым», «Төлем жасауды ұмытып кеттім», «Телефонның қуаты жоқ». Кейбір «қояндар» көліктің төмен жағдайына сілтеп, әдейі төлеуден бас тартады.
“Біз «Қояндарға – ЖОҚ!» деп Алматы тұрғындарын жауапкершілік танытып, жолақыны адал төлеуге шақырамыз. Қаланың көлік жүйесінің жағдайы — тұрғындар оның дамуына қалай қаржы құйса, дәл солай қалыптасады. Төлеген адам ғана сапаны талап етуге құқылы!“, – деді қор белсенділері.