Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

«Сапалы» қазақтарды әкелу керек: Белгілі тарихшы қандастар мәселесін көтерді

Фото: ашық дереккөз

Қытай осы қандай көрші? Балқашқа дейінгі жер қытайдікі деп оқытатыны рас па? Және Қытайдан тек “сапалы” қазақ келу керек дегенді қай қазақ шығарды? Тарихшы, аудармашы Тұрсынхан Зекенұлы Qasqa Jol YouTube-арнасына берген сұхбатында монахтарға айналған Шыңғысхан ұрпақтары, Моңғол империясының түбіне жеткен будда діні, Қытайдағы “қазақ шовинизмі”, барысқа айналып кеткен көк бөрі сияқты әр қазақтың жанына бататын тақырыптар жөнінде егжей-тегжейлі айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

«Сырттан келген әрбір қазаққа қуана білуіміз керек. Болашақта олардың ұрпағы біздің еліміздің тірегі болады. Алайда сырттан келетін қазақтардың көші саябырлап қалды. Оған әртүрлі себептер бар, бірі карантин болса, бірі заң жүйесіндегі әртүрлі өзгерістер. Біздің бұрынғы буын, яғни тәуелсіздік алған жылдары қандастарымыздың елге оралуына көп көңіл бөлді. Алайда қазіргі биліктегі жас буынға бәрібір. Себебі қазіргі жастардың сырттағы қазақтарға жаны аши қоймайды. Әрбір қазақ Отаны үшін жанын беруі керек. Шынын айтқанда, сырттағы қазақтар балаларының болашағы үшін Қазақстанға келгісі келеді», – деді Т.Зекенұлы.

Skifnews.kz жазғандай,  тарихшы ұлттық тарихнамамыздың кемшін тұстарын сөз етіп, заңды күшейту керектігін айтты.

«Бұған тарихшыларымыздың әлсіздігі себеп болып тұр. Қазір тарих саласында үлкен күрес жүріп жатыр. Мұның бір себебі – руға бөліну. Мәселен ұлы тұлғаларымызды әрбір ру өзіне тартып, жікке бөлініп жүр. Біз мұнымен Америка аша алмаймыз. Бұл тұста әрбір сөзімізге сақ болуымыз керек. Рухымыз мықты болмаса көрінгенге жем болуымыз әбден мүмкін», – деп қорытындылады ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close