Әлем жаңалықтары

Сапасына қатысты шағым аз түскен қытайлық көліктердің рейтингі жарияланды

Фото: Voyah

Автокөліктердің сапасы бойынша қытайлық желі иелерінің «бас ауруына айналмайтын» көліктердің рейтингін жариялады, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тізімге Қытай Халық Республикасы нарығындағы көліктер енген. Дегенмен олардың қатарында Қазақстан аумағында да ресми сатылымға шыққан автолар бар. Алғашқы орында бұзылуына қатысты шағым аз түскен көліктер тұр. Қытайлық желі әр шағымға қатысты брендтерге айып ұпайын есептеп отырады. Сәйкесінше ұпай неғұрлым аз болса, көліктің сапасы да жақсы екенін көрсетеді.

Ең үздік нәтижесі Voyah брендінде, барлығы 153 ұпай бар. Екінші орында 156 ұпаймен Dongfeng-Honda көлігі тұр. Ал шведтік Volvo маркасы 157 ұпаймен алғашқы үштікті түйіндеді.
Алғашқы бестікте GAC Hyptec (158 ұпай) пен Great Wall корнцерніне тиесілі Wey бренді (160 ұпай) бар.

Сонымен қатар рейтингтің алғашқы ондығына келесі маркалар енді:

– GAC Trumpchi (161 ұпай);

– GAC Aion (162 ұпай);

– Jetta (163 ұпай);

– Changan Nevo (167 ұпай);

– YangWang (170 ұпай).

Ал Қазақстанда ресми сатылымға шыққан Haval бренді 210 ұпаймен 42-орында, Chery 224 ұпаймен 51-орында, Geely 192 ұпаймен 27-орында, Changan 194 ұпаймен 30-орында тұр.

Көлік сапасының желісі Қытайда ҚХР әкімшілігінің бастамасымен құрылған. Ұйым көлік иелерінің шағымы, жиі бұзылуы мен көліктегі ақаулар негізінде рейтинг құрады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close