Әлеумет және қоғамЖаңалықтарСпорт

Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға «жасырын ықпалы бар адамдарды» айыптады

Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған оқиғаға қатысты видео жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Боксшы қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

«Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді: бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес.
Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді.

Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды», — дейді ол.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда желіде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов арасында жанжал туындаған болатын.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button