Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды

Сара Назарбаеваның ұзақ уақыт стационарлық ем қабылдағаннан кейін ауруханадан шығарылғаны белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол 2025 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты Медициналық орталықтың Ұлттық госпиталінде ем алып келген.

Аталған деректі медициналық мекеменің баспасөз қызметі ресми түрде растады. Мәліметке сәйкес, биылғы қаңтар айында Сара Назарбаева амбулаториялық ем қабылдау форматына ауыстырылған.

Госпиталь өкілдері оның денсаулық жағдайына қатысты нақты мәліметтердің жарияланбайтынын атап өтті.

«Бұл ақпарат дәрігерлік құпияға жатады және ашық түрде таратылмайды», – делінген ресми хабарламада.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button