Жаңалықтар

Сара Назарбаева құрған «Бөбектің» айналасында не болып жатыр?

Фото Orda.kz

Күні кеше Сара Назарбаева ашқан «Бөбек» орталығы қайта құрылады деген сыбыс тарады, – деп жазады Qandastar.kz.

Инсайдтарда тарағандай, орталық енді республикалық мемлекеттік кәсіпорын ретінде құрылуы мүмкін. Кезінде Алматыда бұл орталықтың екі алаңы болған көрінеді. Алайда бір жер телімін бірнеше жыл бұрын «алып қойған». Бұған дейін бұл жерде «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі және «Бөбек» оқу-сауықтыру кешені жұмыс істеген. «Бөбекте» жыл сайын өзге өңірлердің оқушылары үшін жазғы демалыс лагері ұйымдастырылып келген.

Алайда 2021 жылы бұл аумақ күрделі жөнделеді деген ресми мәлімдемеден соң толық жабылды. Ал колледж басқа мекен-жайға ауысқан.

Осыдан кейін бұл жер «Бөбекке» қайтарылмайды, ол Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатына беріледі деген ақпарат тарады. Сондай-ақ, екінші жер теліміне тұрғын үй кешені, бизнес орталығы, сауда орталығы немесе коттедж қалашығы салынады деген қауесет шықты. Сондықтан қазір «Бөбек» гимназиясының ата-аналары алаңдаушылық танытып, инклюзивті мекеменің қайта құрылуын талап етіп отыр.

Одан бері үш жыл өткені мәселені күрделендірді. Бұл туралы Білім министрлігінің берген ресми жауабы мынадай: «нысан жаңа білім кеңістігіне айналады».

Ал Алматы әкімшілігі ұсынған ақпаратта бас жоспар бойынша бұл жерде Ұлттық шығармашылық мектеп салынуы тиістігі айтылады. Бүгінде құрылыс қалдықтарын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Еске салайық, орталық 1997 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен «республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығы» болып құрылған. Ал адамның үйлесімді дамуының «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжі 2009 жылы негізі қаланған. Осы жылы «Өзін-өзі тану» пәні міндетті мектеп бағдарламасына енді.

Бұл пән бойынша мамандар «Бөбек» орталығындағы «Өзін-өзі тану» колледжінде оқытылып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институтының мамандары әзірлеп отырды. Бұл үшін бюджеттен жыл сайын жүздеген миллион қаржы бөлінген.

2021 жылы колледж алаңын жөндеу жұмыстарына жапты. Колледж басқа мекен-жайға көшірілді. Ал 2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті мектеп бағдарламасынан алынып тасталды.

Тағы бір ескерер тұс, екінші ғимарат сүрілмеген. Онда қазір «Өркен» балаларды қорғау ұлттық ғылыми-практикалық институты жұмыс жүргізуде.

Айта кету керек, Оқу-ағарту министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Үкімет қаулысының жобасы жарияланған. Қаулы бойынша аталғае орталық енді Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ретінде аталады.

 

 

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close